Әлеуметтік желіде жомарттығымен танымал “бетперде таққан адам” мұқтаж жандарға не үшін көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы блогер Атамекен бизнес арнасына берген сұхбатында айтты. 

“Бұл менің орындалған бала арманым деп айта аламын. Өзім қаһрамандар туралы мультфильмдер мен фильмдерді көргенді жақсы көремін”, – дейді блогер.

Блогердің 27 жастағы Орал тұрғыны екені белгілі болды. 

Ал өзінің қайырымдылық жолына келуін әкесінің сырқатымен байланыстырады. 

“2020 жылы әкем инсульт алып, мен үшін өте ауыр жыл болды. Әкеме жұмыс істеуді, жүруді, жазуды, сурет салуды барлығын қайта үйретуге тура келді. Осы кезде менің өмірлік миссиям – адамдарға көмектесу екенін түсіндім. Бетперде таққан адам – бұл образ. Адамдар осы образға ұқсауға ұмтылулары қажет”, – дейді блогер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!