Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
Республика күнінің қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары. 30 жылдан астам уақыт ішінде қазақ елі аяққа нық тұрып, бүгінде кез келген сала бойынша даму үстінде. Білім-ғылым, инновация, экономика және инфрақұрылым бағыттары өз кезегінде кемелденіп келеді. Бойын қазақилық пен ұлттық рух кернеген қазақ жастарының саны көбейіп, елдігімізді айшықтар жас ұрпақтың алға қойған мақсат-мұраты артты.
Мағжан атамыз айтып кеткендей, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жастар көп. Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтау жолында еңбек ететін боламыз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда еліміздің аспаны ашық, жетер жетістігі көп болғай.
Елизавета ЕСМАЕВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!