2021 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Ғ.Ұ.Әлімқұлованың қатысуымен Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшылығы және бөлімге қарасты қалалық орта мектеп директорларымен №4 және №8 орта мекетеп қызметкерлерімен байанысты қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсынулар қаралды.

Кездесу барысында, Қызылорда қалалық білім бөліміне алдағы уақытта директорлар тарапынан бақылауды күшейтумен, мектептердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында, ішкі талдау жұмыстарын ұйымдастыру, кінәсіздік презумпциясын ескере отырып, соттың айыптау үкімі шыққаннан кейін барлық кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарап, шешу ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптары түсіндірілді. Кездесудің соңында арнайы бейнеролик көрсетілді.

Ерсін ШАМШАДИН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!