Ол бұл іске куәгер ретінде қатысып, облыс бойынша емін-еркін жүрген.

Фото: Pixabay

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов оның куәгер болғанын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол салған. Бірақ антикор оның қылмыстық іс бойынша күдікті болмағанын хабарлайды.

СҚО-да қылмыстық іс бойынша айыпталушының қарамағындағы адам антикор департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ол бұл іске куәгер ретінде қатысып, облыс бойынша емін-еркін жүрген. Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – деді брифингте антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, марқұмның бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысы делдал арқылы 1,2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Ол мектептердің бірін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған. Қамауда отыр, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хатшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!