Қазақстан Республикасы Конституциясы күні аясында «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен белсенді жастар арасында «Bilip al, bilim al» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білімге деген қызығушылығын күшейту, логикалық ойлау қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамыту болды. Сонымен қатар, жастардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жаңа достық байланыстар орнатуына және қоғамдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік жасалды.

Зияткерлік ойынға өңірдің белсенді жастары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары  қатысты. Ойын екі кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушыларға тарихи сұрақтар, жалпы білімге байланысты тапсырмалар, логикалық ойлауды қажет ететін викториналық сауалдар ұсынылды.

Жастар тартысты додада өздерінің ой-өрісін, тапқырлығын, тез шешім қабылдау қабілетін көрсетті. Әр команда жоғары нәтиже көрсетуге тырысып, ойын барысында әділқазылар алқасы олардың білім деңгейін, логикалық тұжырым жасай білуін және шығармашылық қырларын бағалады.

Білімді жастар - елдің тірегі: Конституция күні интеллектуалды ойынмен аталып өтті

Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай бастамалар жастардың интеллектуалды дамуына ғана емес, олардың елдің қоғамдық өміріне белсенді араласуына, патриоттық сезімін нығайтуға ықпал етеді.

«Жастар үшін білім алудың, ізденудің, ой-өрісті кеңейтудің маңызы зор. Бүгінгі интеллектуалды ойын – соның айғағы. Конституция күнін осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні бар шаралармен атап өту – жастардың бойында елге деген құрмет пен жауапкершілікті арттырады», – деді «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы А.Қ.Баймұрза.

Ойынға қатысқан жастар өз кезегінде мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы білімге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, жаңа серпін беретінін жеткізді.

Білімді жастар - елдің тірегі: Конституция күні интеллектуалды ойынмен аталып өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!