Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандары «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Бір дәуірдің қос үні» атты әдеби кештің куәсі болды.

Танымдық шарада проза жанры бойынша қазақтың қабырғалы қаламгері, жазушы, аудармашы Тәкен Әлімқұлов пен поэзия жанры бойынша ұлтымыздың аяулы ақыны, ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы насихатталды.

Жастар орталығында өткен рухани кешке Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрлыбек Мыңжасов, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Рахметова сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Шарада қазақтың танымдық дүниесін, ұлттық жадын оятуға орасан еңбек сіңірген екі қаламгердің еңбегі мен өмір жолы кітап көрмесінде кеңінен таныстырылды. Ал жас оқырмандар қайталанбас қолтаңбасы бар дара тұлғалардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қойылым қойып, әсем әндер шырқады. Осылайша бүгінгі рухани кештен керемет әсер алып, жастардың кітап оқуға деген қызғушылығы арта түсті.

Бір дәуірдің қос үні
Бір дәуірдің қос үні

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!