Алматыда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шарада уақыт белдеулерінің адам денсаулығына әсері туралы баяндалып, биологиялық ырғақтарға бейімделу бойынша ғылыми әдістер мен ұсыныстар ұсынылды.
Негізгі үлкен тезис – табиғи уақыт белдеуіне көшу. Қазіргі таңда дүниежүзінде үлкен жаңа үдеріс десек болады. Өткен ғасырдың басында халықаралық сауда дамыған кезеңде стандартизация басталған еді. Мәселен гринвичтік уақыт дегендей. Ол кезде алпауыт елдер мен империялар өздерінің ыңғайына уақытты бөлуді бастады. Сол кезде уақыт белдеуі – Гринвич уақыты пайда болды. Дегенмен ғасыр өте келе ғалымдар осы шешімдердің теріс екендігін дәлелдеді. 2017 жылы Майкл Янг жетекшілік еткен бір топ ғалымдар Нобель сыйлығына ие болды. Осы хронобиология ғылымы қазір уақытта қатты дамып келе жатыр. Яғни уақыттың биологиялық ритімдерге, адамның денсаулығына, психикасына әсерін зерттейтін ғылым. Бүгін ғалымдардың да пікірі ескерілді, – деді Саясат Нұрбек.
Министр өз сөзінде уақыт белдеуінің өзгеруі экономикаға үлкен әсері бар екенін атап өтті.
Шешімдер мен ұсыныстар бойынша табиғи уақытқа көшу маңызды шешім екендігі анықталды. Оның салдары, әсерлері өте көп. Біріншіден денсаулық, әрине. Неге десеңіз, адамдардың ұйқылары шатасып кеткен. Біз сол 1930 жылы қабылданған уақытпен 1 ғасырдың ішінде өмір сүріп келе жаттық. Ол уақыт хронологикалық, хроникалық ауыруларға әсер етеді екен. Мәселен, онкологияға, ісік ауыруларына оны онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы растап, дәлелдеп берді. Бірнеше халықаралық зерттеулер соны дәлелдейді. Жалпы адамдардың депрессияға ұшырауы, ұйқысыздық, суицид, адамның психикасына әсер етеді екен. Ойлап қарасаңыздар адамзат табиғи циклмен өмір сүрген. Қазіргі таңда астрономиялық, астрофизикалық тұрғыдан түскі уақыт 12-нің шамасында. Ал біз сағат 1-2 арасына әбден етіміз үйреніп қалды. Уақыттың өзгеруінен жұмысты да ерте бастап жатқан жайымыз бар. Уақыт белдеуінің өзгеруі экономикаға үлкен әсері бар. Еңбектің тиімділігі, қылмыстың деңгейі, апаттың азюы сынды. Неге десеңіз, ең тиімді уақыт ол таңертең. Ал бізде өкінішке қарай барлығы кешке кетіп қалған. Бір тұтас уақыт белдеуі өңірлерді бір форматта ұстайды. Ол әкімшілік, саяси болсын. Мәселен, алпауыт мемлекет Қытай бір ғана уақыт белдеуінде өмір сүреді. Сол секілді Еуропаны да алып қарауға болады, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!