Қазалы ауданы әкімінің салық базасын ұлғайту туралы өкімі бойынша «көлеңкелі экономиканың» алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірлесіп рейд ұйымдастырылды.
Шара барысында аудан тұрғындарына кәсіпкерлік қызметпен айналысудың заңдылықтары түсіндірілді. Аудан тұрғындарын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекс талаптары бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына тіркеліп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, заңдылықтарға сәйкес жұмыс жасауға шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!