ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақтағы өңірлерде демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын:
қоғамдық көліктің;
«Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
«Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.
Еске салсақ, Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!