Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген хабарламада.
Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Қайғылы оқиға астанадағы Bau мейрамханасында болды.
Кейінірек Бишімбаевтың әйелі туған жерінде жерленетіні белгілі болды.
Полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!