Астананың Полиция департаменті экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды.
«Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске саламыз”, – деді департаментте.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!