Фото: Жоғарғы сот
Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы алынбаса ол мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кетуі мүмкін, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбахова хабарлады.
«Мәселе ақшада емес. Бастысы – қылмыскерді мерзімінен бұрын шығып кету мүмкіндігінен айыру. Өтемақы сомасы көп болған сайын оның бостандыққа шығып кету мүмкіндігі де аз болады», – дейді адвокат.
Астана соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты түскен істі қарауға кіріскен. Осылайша, Салтанатттың ағасы Айтым Амангелді экс-министрден өтемақы өндіріп алмақ.
Айта кетейік, 27 тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы талап еткені белгілі болды. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды.
Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!