9 қараша күні сағат 07.00-де Бишімбаев әйелін соққыға жыққан мейрамхананың бақылау камераларынан жойылған видео қалпына келтірілді. 

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенова арасындағы жанжал елорданың сол жағалауындағы BAU мейрамханасында болған. Бұған дейін камерадағы видеолар өшірілгені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін сол видеолар қайта қалпына келтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

9 қараша күні сағат 07.00-де Бишімбаев әйелін соққыға жыққан мейрамхананың бақылау камераларынан жойылған видео қалпына келтірілді.

Бишімбаевтың інісі BAU мейрамханасында болған оқиғаға қатысты куәлік берді. Ол тергеу үшін маңызды мәліметтерді айтты.

Қуандық Бишімбаевтың немере інісі 9 қараша күні оқиға орнында болған. Бүгін ол көрген-білгенін айтып берді.

9 қараша күні таңертең Қуандық Бишімбаев бауырына телефон соғып, тезірек мейрамханаға келуін сұраған. Таңертеңгі сағат 9:30 шамасында ол мейрамханаға келіп, бірінші VIP кабинада жарық жанып тұрғанын көреді.

«Есікті қақтым, бірақ Қуандық көрпе алып келуімді өтініп, ішке кіргізбеді. Мен айтқанын істедім, киім ауыстыратын бөлмеге барып, екі көрпе алып, VIP бөлмеге кірдім. Сол жерде қимылсыз жатқан Салтанат Нүкенованы көрдім, ол қатты қорылдап ұйықтап жатыр екен. Ол әйел ұйықтап жатыр деп ойладым. Содан кейін мен кіреберісте едендегі қан іздерін байқадым», – дейді ағасы.

Бишімбаев інісінің көзінше әйелін әкелген екі көрпемен жауып тастаған.

Осыдан кейін есікті жауып, кабинетіне барған. Күндізгі сағат 13:00 шамасында Бишімбаев оған тағы телефон соғып, темекі, «аспирин», «кетонал» әкелуді бұйырады. Заттарды алғаннан кейін ол мейрамханада ешкім қалмас үшін бүкіл қызметкерлерді босатуды бұйырады. Бауыры бұйрықты орындап, адамдарды шығарып, кеңсеге қайтады.

Түстен кейін сағат екі жарымда Бишімбаев оған WhatsApp желісінен жазған.

«Гастроцентрдегі барлық бейнебақылауларды өшір», – деп бұйырған.

Інісі дереу әкімшіге телефон соғып, мейрамханадағы ғана емес, асхана орталығындағы бейнебақылау камераларынан барлық бейнені өшіру туралы бұйрықты жеткізді.

Сағат 13:45-те бейненің жойылғанына көз жеткізу үшін басқару бөлмесіне түскен.

Сағат 14:00-де Бишімбаев оны қайтадан шақырады. Бөлмеге кіргенде, Нүкенованың әлі керуетте жатқанын көрді, бірақ жақындамаған.

Қуандық одан әйелінің іPhone телефонын тауып беруін өтінді. Олар бірге іздей бастайды, бірақ оны мейрамханадан таба алмаған. Содан кейін Бишімбаев көліктің (Toyota Land Cruiser маркалы көлік) салонынан қарауды сұрады, телефон шынымен де сол жерде панельде жатқан.

Қайтып келгенде інісіне «мына телефонды Нүкенованың үйіне апар, бірақ жолда Fitness сарайына тоқтап, 10-15 минут сонда бол, өйткені ағасы телефонды геолокация арқылы бақылап отыр» деген өтініш айтады.

Осының барлығын істеп болған соң, Бишімбаев тез қайтуды талап етіп, келген бойда қарны ашқанын айтып, сағат 16:20-да тамаққа тапсырыс берген.

Олар мейрамхананың жалпы бөлмесінде бірге тамақтанады. Тамақтың соңында Бишімбаев інісінен Нүкеноваға қарау үшін кабинаға баруын өтінген, содан кейін оның қорылдауын қойғанын байқаған.

Бауыры жедел жәрдем шақыру керек екенін айтқан. Бірақ Бишімбаев «ол ұйықтап жатыр» деп қысқа қайырады.

Бұл сағат 16.35-тің кезі еді. Ал 16:40-та Бишімбаев оны кабинетіне қайта шақырып, әйелдің тамыр соғысын тексеруді сұраған.

Айғақ беру кезінде інісі тамыр соғысын тексергеннен кейін ғана Нүкенованың өлгенін түсініп, телефонынан жедел жәрдем шақырғанын айтты.

«15 минуттан кейін мен дәрігерлерді қарсы алдым, сол кезде Бишімбаев Нүкенованың қасынан шықпай, қатты үрейленіп, абдырап жүрді. Жедел жәрдемнен кейін бірден полицейлер келді», – дейді куәгер.

Жойылған видео бүгін қалпына келтірілді, сол жердегі кадрларда сағат 7:00-де Бишімбаевтың әйелді қатты соққыға жыққаны көрінеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!