Фото: жоғарғы сот
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі редакциямызға экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл сотталушы сот үкіміне сәйкес қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Бұл ретте Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар қосымшаға сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз, – деді комитеттің баспасөз қызметінің өкілі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!