Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмыс істемей жүр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Бишімбаев жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр.

«Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа істеп жүрген жоқ. Сотталушының күн тәртібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады», – деп хабарлады комитет.

Бұған дейін Бишімбаевтың түрмеде қандай жұмысқа орналаса алатыны белгілі болған еді. ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібековтің айтуынша, бұрынғы ұлттық экономика министрі «Еңбек» РМК-ға ағаш және металл өңдеу саласы бойынша жұмысқа орналаса алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!