Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай жерде өтеп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түзеу инспекциясының өкілдері адвокат Жанна Оразбақованың Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқан жеріне қатысты сауалына жауап берді. Заңгер департаменттің жауабын Instagram-әлеуметтік желісінде жариялады.

«Қазір сотталған Қ.Бишімбаев Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр (мекенжайы: Ақмола облысы Степногор қаласы, 7-өндірістік аймақ, 14 А корпусы)», – делінген жауапта.

Айта кетейік, бұл колония Астанадан үш сағаттық жерде орналасқан.

Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды
Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

Еске салайық, бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты «шындыққа жанаспайды» деп жоққа шығарды. Кейін олар Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартқан еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!