Биыл 4 350 орынға арналған 9 білім ұясы пайдалануға беріледі. Аталмыш мектептердің 2-уі апаттық жағдайдағы мектептер орнына ашылады.

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде мәлімдеді. Жаңадан ашылатын мектептердің 6-уы мемлекет қаржысына, ал қалған 3-уі жеке инфесторлар есебінен салынады. Облыста пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан 6 мектепке күрделі жөндеу, 13 білім беру нысаны қазандықтарын газға ауыстыру және 2 мектептің бу қазандығын ғимараттан шығару жұмыстары жүргізіледі.Сапалы оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 8 негізгі мектептер орта мектептерге ауыстырылуда, яғни 10-11 сыныптар ашылуда. – Президент Жарлығымен белгіленген «Балалар жылына» тарту ретінде қаламызда 1 млрд.теңгеге 50-ге тарта спорт алаңдарын, аудандарға 30-дан астам спорт-ойын алаңдарын саламыз. Бұл жұмыстар демеушілер есебінен іске асырылады, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!