Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең күрделі мәселелердің бірі. Жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Бұл дерттің алдын алып қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
З.БИСЕНОВА,
Қызылорда облыстық зағип және нашар
көретін азаматтарға арналған арнаулы
кітапханасының маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!