Бүгінгі саяси науқанға Сыр тұрғындары белсене ат салысуда. Солардың бірі N 101 орта мектепте орналасқан N263 сайлау уческесіне дауыс беруге келген – Дәмегүл Дүйсенова. Сайлауға бей-жай қарамайтын зейнеткер дауыс берудің маңызды қадам екенін айтты.

-N263 сайлау учаскесінде бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Бұл біз үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Балаларымызбен немерелеріміздің болашағы үшін әр адамның дауысы үлкен рөл атқарады, – дейді Д.Дүйсенова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!