XXI ғасыр – тәртіп пен мораль ғасыры. Заманауи технологиялар мен жаңа көзқарастар келе жатқан адамға әсер етпей қоймайды.

«Көркемдену, гүлдену, байлық жинау, абыройлы болу, әдемі киіну, мәдениетті сөйлеу, жоғарғы білім, қымбат технология». Осы әдемі, жағымды сөздердің бәрі біздің ғасыр туралы, Қазақстан туралы. Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері мінсіз ел болуға талпынуда. Халықтың бар жағдайын жасап, сауатты, мәдениетті болуға күш салуда. Халықтың интелекті мен ой санасын жоғары дәрежеде қалыптастыруда.

Кез келген заттың екінші жағы болады. Сол секілді біздің мінсіз өміріміздің де теріс жағы бар. Ол – зорлық-зомбылық парағы. Бұл қараңғы параққа қараудың өзі үлкен қорқыныш. Бұл қорқынышпен қалай күресуге болады? Оп-оңай. Ол үшін конституция бар. Зорлық-зомбылық – қылмыс, ал конституция мен заң ол – жаза. «Қылмыстың өтеуі – жаза». Қазіргі уақытта зорлық-зомбылықтың түрі көп. Қылмысты ешкім ақтай алмайды. Қандай себеп болса да, қылмыстың аты – қылмыс. Егер қылмыскерлер жазаланбайтын болса, онда мына әлемде өмір сүру мүмкін болмайды. Кез келген қылмыс жасаған адам қолымен істегенді мойнымен көтеруі керек. Сол себепті зорлық-зомбылықты тоқтату үшін, қатал заңдардың бекітілуі орынды.

 Кез келген күш көрсетусіз-ақ сөзбен бәрін шешуге болады. Күш қолданбай, қылмыстың ала жібінен аттамай, жаман бағытқа түспей-ақ мінсіз әлем құруға болады. Ол үшін ауызбіршілік пен ынтымақтастық керек. Бәріміз көзі ашық, көкірегі ояу адамдармыз. Ашуға бой бермей, ерік жігерімізді жинап, бәрін ақылмен шешейік. Артық проблемалардан аулақ жүріп, күш қолданбай тыныш әлем құрайық. «Көп түкірсе көл болар». Біздің ондай әлем құра алатынымызға мен сенемін!

    Аида Нарзілда,

268 мектеп-лицейдіі 11 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!