Фото: Ташкент облысының Ішкі істер басқармасы
Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жығатынын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды.
“Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!