Фото: коллаж Stan.kz
Танымал коуч Роза Әшірбаева Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің өзінің құрметіне ұйымдастырылған кеште анасымен қол ұстасып шыққан видеосы тараған еді. Блогер Роза Әшірбаева Сметовтің әйелімен емес анасымен қол ұстасып шығуын сынға алып, пікір білдірді.
“Қорықпа балам, мамаң келеді қасыңда. Батыл қыздарға емес, “бөпе” жігіттерге күлу керек”, – деді Роза Әшірбаева.
Коуч Сметовтің анасымен түскен суретін жариялап, қазақ жігіттері мен ата-аналарды сынға алды.

«Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Қолына баласын алып алады. Жан-жағында ата-анасы. Әйелі сонша баланы туып, оны күтіп-батап, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата-аналар біліңдер, бала — қонақ. Өз өмірлеріңізді таңдаған жарыңызбен өткізіп үйреніңіздер», — дейді блогер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!