Отбасы құндылығын құлдыратпай, ата-ана мен бала арасындағы берік қарым-қатынасты дәріптеу дәйім назарда. Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде “Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету бойынша “Менің әкем/анам – менің мақтанышым” тақырыбында сурет байқауы өтті. Бұған мекеме қызметкерлерінің балалары қатысып, қабілеті мен шеберлігін көрсетті.

Қиялы жүйрік, ойы ұшқыр балалар тақырыпты шама-шарқынша ашуға тырысты. Күрделі қызметті күрсініссіз атқарып жүрген әкелердің бейнесі әдемі салынған. Бұл – бояу бетіндегі болмыс еді.

Байқау соңында әділ-қазы мүшелері суреттерді көркемдік әрі мазмұндық тұрғыдан саралап, жас өрендерге оң бағасын берді. Мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Махашев Айбол Тимурұлы және мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлы арнайы дипломдар мен сыйлықтарды табыстады.

М.Ұзақұлының айтуынша, байқауға қатысуға белсенді болған балалардың талабы таудай көрінеді. Әкелерінің ауыр да күрделі қызметте жүргенін сезінгеніне – жанұядағы жарасым мен жылулықты қағазға түсіргені дәлел. Әрі әрқайсысының суретінен өздеріне сай қолтаңбасы бар екені байқалады. Алдағы уақытта да мұндай ізгі іс-шаралар ұйымдастырыла бермек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!