фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабына сәйкес, 2025-2035 жылдар аралығында ел экономикасына шамамен 2,98 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл көрсеткіш орта мерзімді еңбек нарығы болжамы аясында жасалған.

Министрлік мәліметінше, кадрларға деген жиынтық сұраныстың:

  • 28%-ы немесе 825 мың адам нақты секторда қалыптасса,
  • 72%-ы немесе 2 миллион 153 мың адам қызмет көрсету саласына тиесілі болады.

Қызмет көрсету саласындағы мамандарға сұраныстың негізгі бөлігін қоғамдық қызмет көрсету саласы құрап отыр. Атап айтқанда:

  • Білім беру саласында – 448 мың маман,
  • Денсаулық сақтау саласында – 240 мың маман қажет болады.

Сонымен қатар, шамамен 634 мың адамға деген сұраныс бизнес-қызметтер саласына тиесілі болмақ. Бұл сала:

  • Әкімшілік және қосалқы қызметтерді – 170 мың адам,
  • Қаржы және сақтандыру саласын – 166 мың адам,
  • Кәсіптік және ғылыми қызметтерді – 160 мың адам қамтиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!