Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, экс-президенттің інісі Болат Назарбаев ауыр жағдайда Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған. 

Ақпарат бойынша, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. 

Бұған дейін ол соңғы 2 жыл бойы төсек тартып жатқандығы туралы хабарланған болатын. Оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы облысында «Алтын Орда» базарындағы жаппай заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаевтың не себепті жауапқа тартылмағанын түсіндірген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!