Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады.Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
БҚО Полиция департаментінің “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты ұстады. Күдікті – Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғыны.Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.Күдікті Орал қалалық ПБ-на қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!