Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сол үшін екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасының сәйкестігін тексеру биыл басталады деді.
Елімізде бұдан былай заңдарды қазақ тілінде жазу заңмен міндеттелетін болды. Яғни үкімет 2024 жылдан бастап нормативтік құқықтық акт жобасын қазақша әзірлеп, содан соң орыс тіліне аударуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сол үшін екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасының сәйкестігін тексеру биыл басталады деді.
Сондай-ақ, 2023 жылдың екінші тоқсанында қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарланған.
Аталған шаралар қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарында баяндалған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мәжіліс депутаттары 32 жыл ішінде елімізде 3,5 мың заң қабылданғанын айтқан. Оның барлығы дерлік орысша жазылған екен. Тек «Тілдер туралы» және «Көші-қон туралы» екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған.
Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп міндетті түрде лингвистикалық сараптама жасай отырып нормаларды «артық регламенттеуді болдырмау» тұрғысынан заңдарға ревизия жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Бұл ретте «артық регламенттеуді болдырмау» мәніне ревизия жүргізу көзделмеген НҚА (жекелеген заңдар мен заңға тәуелді актілер) олардың жобалары мемлекеттік органдардың норма шығару қызметі барысында лингвистикалық сараптамаға түскен кезде қаралады. Аталған шара мемлекеттік тілдегі НҚА мәтіндері мазмұнының сапасын арттыруға ықпал етеді», – делінген Алтай Көлгіновтың жауабында.
Фото: stan.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!