Фото: ашық дереккөзден
Биыл табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн – 16 қыркүйек. Ескертілсе де жүз мыңдаған адам салық есебін әлі тапсырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Соңғы күн
– Биыл 250.00 және 270.00 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке (жексенбі) – демалыс күніне келеді, яғни соңғы күн 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады, – деп хабарлаған еді бұған дейін салық органдары.
Салық есебін өткізбегендерге не болады
Әуелі салық органдары есеп өткізбегендерге хабарлама арқылы ескерту жолдайды. Ол ескерілмеген жағдайда азаматқа 5 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ол да ескерілмесе, әкімшілік жауапкершілікке апарып соғады.
Салық есебін қалай тапсыруға болады
Азаматтар салық міндеттемелерін ыңғайлы электрондық қызметтерді пайдалану арқылы орындай алады. Олар:
Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz);
Электронды үкімет порталы (egov.kz);
мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile;
қосымшалар Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz.
Салық есебін өткізбегендер
Бұған дейін Қаржы министрлігі аталған форма бойынша 2,1 млн адам есеп тапсырып, 300 мыңға жуығы әлі есеп бермегенін хабарлаған еді.
2024 жыл – салық декларациясын тапсырудың үшінші кезеңі. Биыл оны бизнесмендер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары тапсыруы тиіс.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!