Бүгін Қазақстанда қаза тапқан кеншілерге арналған жалпыұлттық аза тұту күні. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kazakhstan-kmv.ru
28 қазан күні таңертең Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, қаза тапқандар саны 33 адамға жетті.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп бекітті.
«Қарағанды қаласында шахтаның жарылуы салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні жариялансын», – делінген жарлық мәтінінде.
Бүгін еліміздің барлық аумағында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиокомпаниялар хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!