Жастар арасында сайлау мәдениетін дамыту және дауыс беру дағдысын қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысындағы барлық аумақтық сайлау комиссиясы жастармен кездесу шараларын өткізіп, ашық есік күндерін ұйымдастырды.

Облыстық сайлау комиссиясы Қызылорда қаласындағы №290 Жайлы мектебіндегі жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Іс-шара дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылды. Комиссия мүшелері Болат Накипов, Абай Тағыберген оқушыларға атаулы күн аясында маңызды кейстерді жеткізді.

Мектеп директоры Мөлдір Смаханова білім ұясында мектеп Парламенті ұйымының президент сайлауы өткізілгенін жеткізіп, жастардың бойында дауыс беру дағдысын қалыптастыруға жетелейтін шаралар өткізуге әркез мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында оқушылар еркін форматта сауал жолдап өзара пікір алмасты.

Ал, Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев қалалық Жастар ресурстық орталығының белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өткізді.

Қаламыздың көшбасшы жастарымен кездесу сайлау жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыруға, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыруға бағытталған.

Атаулы күн аясында аудандық сайлау комиссиялары мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен кездесу өткізіп, ортақ тақырып аясында пікір алмасты.

Бүгінгі жас – келешек сайлаушы
Бүгінгі жас – келешек сайлаушы
Бүгінгі жас – келешек сайлаушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!