Жалағаш ауданында Business Hub стартап жо­ба­лар байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Түрлі бағытта жобасын жүзеге асырғысы келетін жастар жобаларын қорғап, үздіктері жеңімпаз атанды. Жалағаш ауданы бойынша 6 жоба облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі I орынды Жайна Байзақ, II орынды Жасұлан Шындалы, III орынды Арай Нар­тай иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен мара­патталды. Айта кетейік, жоба қорғауға үлгермей қалған жастар үшін онлайн форматта жұмысын қорғауға мүм­кіндік беріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!