Ақмола облысының Бурабай аудандық соты екі қылмыстық істі қарап, екі 18 жасар азаматты психотроптық заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау фактілері бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оларға заңсыз әрекеттерді орындау жөнінде тапсырмалар беріліп, ақшалай сыйақы уәде етілген.
Сот үкімімен әрқайсысына орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Бурабай ауданының прокуратурасы заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымына қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Интернет арқылы ұсынылатын «жылдам табыс» туралы ұсыныстар көбіне қылмыстық әрекеттермен байланысты болып, ауыр салдарға алып келуі мүмкін», – делінген прокуратура хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
