Sputnik. Былтыр Қазақстанда 45,7 мың жұп ажырасты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Олардың 34 мыңы қалалық, 11,7 мыңы ауылдық жерде тіркелген.

Ең көп ажырасқандар Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Ажырасу деңгейі ең төмен – Түркістан облысы. Ең жиі некеде 1-4 жыл тұрғандар ажырасқан.

Былтыр жалпы Қазақстан бойынша 115,9 мың неке тіркелді. Некелесуден Астана алда тұр, одан кейін Қарағанды облысы, үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында.

Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы:ерлер – 27,9 жас,әйелдер– 25,3 жас.

«Ерлер арасында алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі 77%, әйелдер арасында 78% болды. Ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрғандардың үлесі ерлерде – 22%, әйелдерде – 21%», – дейді бюро.

Үйленгісі келетіндер әсіресе маусым, шілде, тамыз айларын таңдайды екен. Айтпақшы былтыр отау құрғандардың 80,4%-ы моноэтностық, 19,6%-ы ұлтаралық некеге тұрған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!