Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне түзетулер енгізілді. Өзгерістердің басты мақсаты  – азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.  

     Бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, сонымен қатар қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі. Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеретіні сөзсіз. Бұл – халықтың мүддесі үшін жасалған мүмкіндік.

     Неке (ерлі – зайыптылық ) некеге тұруға (ерлі – зайыпты болуға) тілек білдірген тұлғалардың қатысуымен неке қию (ерлі – зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні некені заңдастыруға болады.  Ал бұрын отыз күн күту қажет болатын.

     Сондай – ақ, некеге отырушылардың (ерлі – зайыпты болушылардың) қалауы бойынша ерекше мән – жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше жағдайлар болғанда) неке мерзімі қысқартылады.

      Азаматтар қай өңірде туғанына қарамастан туу туралы қайталама куәлікті және неке қию, неке бұзу, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті қалауы бойынша кез келген АХАТ бөлімдерінен ала алады. Ата – аналардың таңдауымен баланың тууын тіркеу проактивті тәсілмен, SМS хабарламалар арқылы көрсетіледі.

     Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде берілген балалардың тууын тіркеу үшін құжаттар тізбесі кеңейтілді.

     Мысалы, егер бала Өзбекстанда туылса және туу туралы куәлік туған жері бойынша берілсе, жаңа түзетулерге сәйкес ата – аналар баланың нақты туған жерін көрсете отырып, кез келген АХАТ бөлімдеріне қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік ала алады. Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруға байланысты алынып тасталғанын да айта кеткен жөн. Бала асырап алу туралы куәлік немесе әке болу және туу туралы мәліметтерді қамтитын бір ғана баланың туу туралы куәлігін береді.

     Сонымен қатар, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеу алып тасталынды. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу туралы, некені (ерлі – зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті акт жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі.

      Сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу тәртібі де автоматтандырылды. Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде енгізіліп, неке қию туралы жазбаға оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

      Қайтыс болу туралы акт жазба адамның туыстары «электрондық үкімет» порталы арқылы қайтыс болу туралы хабарлама алуына мүмкіндік бар және қайтыс болу туралы куәлік алудың қажеттігі жоқ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалындағы және АХАТ бөлімінің мұрағатындағы 2008 жылға дейінгі тіркелген (туу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы) азаматтық хал актілеріне сканерлеу жұмыстары жүргізіліп, акт жазбалары өзектендірілуде.

      Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге үлес қосарымыз анық. 

Досмаганбетова Гаухар Накипбековна,

 Қызылорда облысының Әділет департаментінің

коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы         

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!