Жас тілшілерге әлеуметтік желі әдебі, цифрлы құқық алғышартын насихаттау, бағдар беру кезек күттірмейтін қадам. Осыған орай 23 маусым күні Қызылорда облысындағы Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйінде «Цифрлы әлемдегі құқық» тақырыбында арнайы тренинг өткізілді. Тренингке 20-ға жуық тілшілер мен студент жастар қатысты.
Медиа-тренер, журналист Ерболат Тұрсынқожаның бастамасымен өткізілген шарада әлеуметтік желі ережесінен бөлек, жеке тұлғаның цифрлық құқығы, қоғам мен мемлекет сын-қатер туралы кешенді ұғым талқыланды.
Сондай-ақ шара барысында медиа-сыншы, IT-маман Оразай Қыдырбаев аталмыш мәселенің маңыз, ғаламтор құпиясы, электронды демократия тақырыбында ой бөлісті. Қатысушылар мәселемен қатар, олықылықты шешу жолы мен халықаралық тәжірибелерді сараптады.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар әлеуметтік желілердегі әдеп пен цифрлы құқық туралы түсінік қалыптастырып, базалық білімге ие болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!