Журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сотталушылардың бірінің бейджінде белсенді Тимур Дәнебаевтың есімі жазылған.
«Бұл жігіт оңай құтылды. Дәл осы Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде карантин бөлмесінде мені 10 күн бойы адамның миына кіріп шықпайтын деңгейде азаптады. Колония ішінде ұрып-соғып, кейін күрделі түрде азаптау үшін қайтадан карантинге жауып тастады.
Газетте шындыққа негізделген мақала жариялағаным үшін 3 жыл 10 айға осы тозақ колонияға жіберілдім», – деп жазды журналист.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!