Экология дегеніміз не? Осы жайында толық қарастырайықшы. Экология − тірі ағзалардың өзара және оларды қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Бұл ғылым тек биологиялық процестерді емес, табиғаттағы тепе-теңдікті, адамның табиғатқа әсерін және керісінше табиғаттың адам өміріндегі орнын қарастырады. Қазіргі таңда экология ғылымының маңызы ерекше. Өйткені біз табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғауға міндеттіміз.

Ал дәрілік өсімдіктер экологиясы нені зерттейді? Бұл бағыт табиғи ортада өсе­тін емдік қасиеті бар өсім­діктердің таралу аймағын, өсіп­өну жағдайларын, адам ден саулығына әсерін, эколо­гиялық рөлін зерттейді. Әрбір дәрілік өсімдіктің топыраққа, суға, климатқа деген талабы әртүрлі. Сондықтан, оларды тек танып қана қоймай, сақтап, қорғау да − биолог мамандардың басты міндет­ терінің бірі.

Мен − биология пәні мұғалі­мімін. Табиғатты тану мен үшін тек мамандық емес, бала күннен келе жатқан қызығушылық. Бұл салаға келуім де қызыққа толы. Бастапқыда журналистика, та­рих пен қазақ тілі бағытына қызықтым. Десе де таңдауым биологияға түсті. Нағашы атам Есіркеп те өз уақытында био­лог болған екенін кейін білдім. Табиғатты сүю, тіршілікке құрметпен қарау сол кісіден дарыған секілді. Бүгінде атамның жолын жалғап, туған өлкемнің дәрілік өсімдіктерін зерттеп, пайдалы жұмыс істеуге тырысудамын.

Қызылорда облысының флорасында өсімдіктерінің ша­мамен 819 түрі кездеседі, оның ішінде 50-ге жуығы дәрілік өсімдіктер. Ондай өсімдіктерге итсигек бұйырғын, кәдімгі адыраспан, қызылмия, жантақ, жалбыз, тікенбұта, жатаған бидайық және т.б жатады.

Қызылмия − бұршақ тұқымдасы, мия туысына жа­татын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 10­80 см. Жапырақтарының көбі қа­уырсын пішінді. Гүлі ақшыл күлгін түсті. Маусым-­тамыз айларында гүлдеп, жеміс са­лады. Қызылорда облысының барлық аймағында кездеседі. Қызылмия тамырында гли­козид, сахароза, эфир майы, органикалық қыш қылдар, ми­нералды тұз бар. Сондықтан ол медицинада, те мекі және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Жапырағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Мияның сөлі фармокологияның негізгі ши­кізаты. Ол асқазан, кеуде, аллергиялық ауруларға қарсы қолданылатын дәрілердің құрамына кіреді. Мияның құрамындағы глицеррезин қышқылы фармацевтика өнер­кәсібінде егілетін дәрі­-дәрмек­тің негізі. Емдік қасиеті мен қолданысына келетін болсақ, қызыл мия дүниежүзілік және отандық фармакологияға ен­ген. Медицинада қызылмия препараттарын элексир, сы­ғынды ұнтақ және қою шы­рын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медици­насында қызылмия препарат­тарын өкпе туберкулезін ем­деуге, артериосклерозға қарсы қолданады. Ал Батыс Еуро­пада семіздіктен арылу үшін қосынды жасап тұтынады.

Қазақта «жалбызымның болмағанынан, жалғызымнан айырылдым» деген сөз бар. Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға, тамақтан уланғанда, асқа­зан ­бауыр ауруымен ауыр­ғандардарға, жүйке-жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы және бас ауырғанда, қатты ашуланғанда ішу керек. Жал­быз қосылған шәйді қан қысымы жоғары адамдарға, 6 жасқа толмаған балаларға ішуге болмайды. Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады.

Адыраспан − улы өсімдік. Оның сабағы, жапырағы, тіпті түтінінде шипа бар. Адыраспан­нан көптеген жұқпалы ауруға қарсы препарттар алынса, рев­матизм, тері және қышыма ау­руларын емдеуге халық ертеден пайдаланып келген.

Жантақ − бұршақ тұқым­дасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі, сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүр­ тікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі қызыл түсті. Мамыр­-мау­сым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі − бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төртбұрышты. Жантақ – дәрі­лік өсімдік, оның қабығында қант, эфир майы, ал тамы­рында глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. Жантақ систематикалық жіктеу бойын­ша бұршақ тұқым дастарына жататын ксеро фиттік, тұқым арқылы таралатын көпжылдық, жартылай бұтатектес өсімдік. Өте терең дамитын кіндік та­мырлы жүйесінің арқасында ылғал тапшылығына шөлдалалық жағдайда төтеп бере алады. Суды топырақтың 10­-15 метр тереңдігіндегі жерасты су көздерінен алады. Қатаң климаттық жағдайға бейімделу барысында көптеген метаморфоздық түрі өзгеріске ұшыраған. Судың булануына қарсы тұру бағытында өсім­діктің жапырақтарының кө­лемі мен жалпы биомассадағы үлесі күрт азайған. Өсімдіктің барлық вегатативті мүшелері эпидермалық қабатының сыр­тынан қалың кутикулалық қабатпен қоршалған. Тұқым­дары бұршақтың жемісінде ор­наласады. Жемісі қақырамайды. Жерге түскен тұқымдарының барлығы келесі жылы өніп шықпайды. Бұл тұқымдастарға тән қасиет терінің бірі − ол тұқымның сырты қалың және лак секілді боялған.

Қызылорда облысының дәрілік өсімдіктер әлемі − таби­ғаттың баға жетпес байлығы. Бұл өңірдің эколо гиялық жағ­дайына бейім делген өсім­діктердің емдік қасиеттері халық медицинасында және заманауи фармакологияда кеңінен қолданылады. Зерт­теу барысында қарастырылған қы зылмия, адыраспан, жал­быз, жусан, жантақ секілді өсімдіктердің әрқайсысының өзіндік химиялық құрамы, ши­палық қасиеті мен қолданылу аясы бар екені айқындалды. Дәрілік өсімдіктер − тек табиғи шипа ғана емес, сонымен қатар олар экожүйенің тұрақтылығын сақтауға да үлес қосатын маңызды компоненттер. Қазіргі таңда олардың сиреп кету қаупі де бар, сондықтан бұл өсімдіктерді орынды пайдала­ну, қорғау және оларды көбейту − ортақ міндетіміз.

Махаббат КЕНЖЕБЕКОВА,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!