Фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудандарда қанша мешіт болса, сонша мектеп болуы керек деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазығұрт ауданы халқымен кездесу барысында әкім өндіріске баса мән беру керектігін айтты.
«Мектепті сұрайсыздар. Мешітке халықтың өзі соғады. Бірақ Қанша мектеп, қанша мешіт болса, қоғам дұрыс дамуы үшін соншама фабрика болуы керек екен. Қазір ауданда қанша мектеп пен мешіт бар?» – деп сұрады Қазғыұрт ауданының шенеуніктерінен әкім.
«Ауданда 48 мешіт бар», – деп жауап берілді оған.
«48 мешіт болса, демек, 48 фабрика болуы керек деген сөз. Қазығұрт ауданында. Өйткені рухани білім аламыз, білім аламыз. Бірақ жұмыс істемесек, бір-бірімізді кінәлап отыра береміз. Жұмыс істеу керек бітті. Басқа еш нәрсе жоқ. Аудан жайлы айтылып жатыр. Тыңдап отырсам, «Қарқын» деген фирма мен «Сапа» деген фирма бар екен. Бітті екеуі ғана. Былтыр аудан әкімін Қытайға үйренсін деп жібердім. Текке жібергем жоқ. Өйткені бұрынғыдай жұмыс істеу жарамайды. Үйренуіміз керек. Әкімдерді Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанға жібердім өткен жолы. Балық шаруашылығы, сүт өндірістері жақсы екен. Сол жақтан үйрену керек», – дейді әкім.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!