65 жастан асқан және 20 жасқа дейінгі азаматтарға қоғамдық көлікке мінуге рұқсат жоқ.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирустың өршуіне байланысты елде коменданттық сағат енгізді.
Түркияда бүгіннен бастап кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін сыртқа шығуға тыйым салынбақ. Ал демалыс күндері толық локдаун күшіне енеді. Азық-түлік дүкендері тек үйге жеткізу қызметін атқарады. Сонымен қатар елде сауна, монша, ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылды. 65 жастан асқан және 20 жасқа дейінгі азаматтарға қоғамдық көлікке мінуге рұқсат жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!