Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы пациенттері арасында жыл сайынғы спорттық іс-шара іске асырылды.
Қазақ ұлттық спорт түрлері: асық ату, арқан тарту, батпан көтеру, ләнгі, қол күрес, бұқа тартыстан жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа бес бөлімшелерінің пациенттері қатысып, өздерін лайықты көрсете білді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан үздік болып шыққан 10 спортшы белгіленіп, оларға диплом мен сыйлықтар табысталды.
Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өздерінің алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!