Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдіріліп, азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш нысанына көшу мемлекеттік органдар үшін негізгі мақсатқа айналды.
Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты қызмет алушылардан келіп түскен шағымдар заң шеңберінде қаралып, тиісті шаралар қолданылуда.
Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысымен Департаментке қызмет алушылардың тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселесіне қатысты 80-ге жуық өтініш келіп түскен.
Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша 26 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 6 қызмет алушының, қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 8 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мәселен, осы 3-тоқсанның өзінде Департаментке қызмет алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты 20-ға жуық өтініш түскен. Оның ішінде, қала тұрғыны, жеке кәсіпкер С.К.-ден «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты шағымы түскен болатын.
Атап айтқанда, қызмет алушы С.К. өз шағымында «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтінішіне Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен (бұдан әрі – Бөлім) берілген бас тартуға келіспейтінін мәлімдеген.
Осыған орай, қызмет алушы С.К.-нің шағымын жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Бөлімге жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қызмет алушы С.К.-нің өтінішіне Бөлім тарапынан негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижелерінің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы Бөлімге берілген ұсынудың нәтижесінде, қызмет алушы С.К.-ге«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оң қорытынды беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкері тарапынан Бөлімнің мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарына тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, семинар өткізілді.
Қазіргі уақытта, Бөлім тарапынан бұзушылықтарға жол берген маманды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
Бұдан бөлек, Департамент азаматтардың тек өтініштерінің негізінде ғана бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізумен шектелмей, Департаментке қолжетімділік берілген ақпараттық жүйелер арқылы жүргізілген қашықтықтан мониторинг жұмыстарының нәтижесінде де азаматтардың құқықтарын қорғап келеді.
Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында Арал ауданының тұрғыны Р.Т. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (1-кезең)» мемлекеттік қызметін алу үшін Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінің әкімдігіне өтініш білдірген. Тұрғынның өтініші бойынша мемлекеттік қызмет нәтижесі заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылмағаны қашықтықтан жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде анықталды.
Осы орайда, Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданды.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 17 наурызында Бекбауыл ауылдық округі әкімдігімен мемлекеттік қызметтің оң нәтижесі ұсынылып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік айыппұл салынып, Әкімдік қызметкеріне тиісті тәртіптік шара қолданылды.
Сондықтан, егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету дерегі орын алса немесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36, 8 (7242) 70-00-40.
З.Арынова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!