фото: ашық дереккөзден/ aikyn.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың анасы қаза тапты. Қаралы хабарды айтыскер Айшолпан Тілеутай Instagram парақшасында жазды. Қаралы хабарды айтыскер Айшолпан Тілеутай жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айшолпан Тілеутай Дәулет Мұқаев пен оның жақындарына көңіл айтты.

«Еркек өмірінде бір-ақ рет жылайды деуші еді… Ол жылаудың өзі анасы қайтқанда болса керек. Сіздің басыңыздан дәл осы сәт өтіп тұр. Қабырғаңыз қайысып, жүрегіңіз суырылып тұрған шығар, ағатай.

Ақ сүтін берген, ақ бесікте тербеткен, адалдықты үйреткен ағамның анасы өмірден өтіпті. Иманы жолдас болып, Алла рахымына бөлесін!» – деп жазды Айшолпан Тілеутай.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!