Фото: El.kz

Депутат халықтың кейбір судьялардан зардап шегуде деп,  тиісті механизмдерді қайта қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Жақында өзім сайланған округ әрі туған жерім — Жаңақала ауданында аудандық судьяның бойжетіп қалған қызы аудан халқын әлеуметтік желі арқылы қарғап-сілеп, тура мағынасында, боқтап, балағаттайды.

Судья аудан халқынан басын иіп, кешірім сұраудың орнына, аудан халқы атынан әділдік іздеп сотқа барған 6 азаматпен адвокат жалдап соттасып, олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден, 600 мың теңге ақша өндіріп алды. Күні кешегі адвокат тәжірибемде қайта-қайта қорылдап ұйықтап кеткен судьялар туралы әлеужеліде кезінде ашық жазған едім. Нәтижесінде «судьяға құрметсіздік көрсеткенім үшін» өзімнің үстімнен қылмыстық іс қозғалып, сау басыма сақина тілеп алғандай болғам»,-деді Абзал Құспанов, Мәжіліс депутаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!