Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шықты.
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, – деп хабарлайды Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Оның айтуынша, 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шыққан.
«Сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту санкцияланды, бұл 2023 жылдың 7 наурызына дейін», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!