«Дикий» Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат аганттігі. 

«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», – деді Жарылқасын.

Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-тармағы, 272-бабы, 2-бөлігі, 287-бабы, 4-бөлігі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура «Дикий» Арман туралы пікір білдіріп, «Мұндай адамдар ештеңеден тайсалмайды» деп айтқан еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!