Димаш Құдайберген ағылшын тілін нашар білетіні үшін сынға қалды. Сондай-ақ, ресейліктер әншіні орыс тілінен бас тартқаны үшін сөкті, деп хабарлайды  Blitz+ порталы.

Басылым Құдайбергеннің желідегі парақшасында фанаттарымен көбінесе ағылшын тілінде сөйлесетінін атап өткен. Алайда желі қолданушыларының бір тобы әншінің ағылшын тілін білу деңгейін сынға алған. 

«Қателік жібермеу үшін қарапайым тіркестерді жаттап ала аласың ба? Бүкіл әлемге танылғың келсе, ағылшыныңды жақсартуың керек», – деп жазды желі қолданушыларының бірі. Өзгелер онымен қосылды. 

Одан бөлек, ресейліктер Димашты орыс тілінен бас тартқаны үшін сынға алған. Әнші посттарын көбінесе ағылшын және қазақ тілдерінде жазады. 

Айта кетейік, жуырда Димаш қазақ тілінде жазған әнінің үзіндісін жариялады. Аталған туынды Құдайбергеннің соңғы 5 жылда ана тілінде жазған алғашқы туындысы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!