SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан сырғалым атанды.
Тележүргізуші Анна Данченко жағымды жаңалықты жариялады.
«Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан “сырғалым” атанды. Құтты болсын!», – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, өнерлі отбасының қызы ресторан ашып, жеке бизнеспен айналысып жатқанын жазған едік.
“Идея ортақ болғанымен, басы-қасында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамнан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын. Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз”, – деген еді Раушан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!