Фото: instagram.com/dina_tolepbergen/
Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан неге кеткенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Менің «Астарлы ақиқаттан» неге кеткенімді әлі түсінбей жүрген жандар бар екен. Теледидардан түспесем болды деген арман менде болған емес. Ендігі ұлық мақсат үшін бәрін басынан бастау күнә емес секілді. Тілекші болсаңыз…», – деп жазды ол желіде.
Әлеуметтік желідегі контентіне қарағанда журналист жазғы демалысын саяхаттаумен өткізген сияқты. Ал қазір жаңа команда жинап, жоба жасауға дайындалып жатқанын байқауға болады. Бірақ журналист нақты қандай жоба жасайтыны туралы ақпарат бермеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!