Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат.
Бүгін мереке қарсаңында басқарма діни бірлестіктер арасында «Күшіміз бірлікте» атты «Садақ атудан» спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа діни бірлестіктер мен Дін мәселелерін зерттеу орталығынан 7 команда қатысты.
Спорт тек салауатты өмір салтын ұстанумен шектелмейді, бұл шара діни бірлестіктер арасындағы ерекше байланыс пен ауызбіршілікті күшейтетіні анық.
Шара нәтижесімен жеңімпаз командаларға марапат үлестіріліп, еліміздің ең үлкен байлығы келісім мен бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауға бірге атсалысу қажет екендігі жеткізілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!