30 мамыр күні «Достық үйі» ғимаратында ҚР Ұлттық экономика министрі А.С. Қуантыров пен Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесмүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шара облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды

Қазақстанды жаңғыртудың негізгі бағыттары, сонымен қатар елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлы қатысты. Дөңгелек үстел барысында салық және бюджет саясаты, бюджет аралық қатынастарды республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін облыстың проблемалық мәселелері бойынша тұрақты түрде жұмыс жасайды. Орган ретінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қызылорда облысының 5 жылға арналған Даму жоспарын, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша, сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да сөз қозғалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!